Личный кабинет

05.09.2017

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Тұтынушылар!

 


 «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңына сәйкес, «Электр энергетика мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» 11.07.2017 ж. № 89-VI  ҚР занына енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, электр қуатына арналған тәулік зоналары бойынша барлық тұтынушыларға қатысты (жеке және заңды тұлғаларға) сараланған тарифтер күшін жойды.

«Ақсайэнерго» ЖШС өз тұтынушыларын, пайдаланылған электр қуатына есептеу жүргізген кезде 2017 жылдың қыркүйегінен бастап жеке тұлғаларға, тұрғындарға арналған қазіргі уақытта қолданылып жүрген тариф бойынша есептелетінін, ал  заңды тұлғаларға – заңды тұлғаларға арналған тариф бойынша есептелетінін хабардар етеді. Осы кезде тұтынушылардың көп мөлшерлемелі есептеу құрылғыларын  қайда бағдарламалауы қажет емес.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне  хабарласуға болады: 31 941, 33 260; қосымша 105 (өткізу қызметі)  және 109 (тұрғындармен жұмыс бойынша қызмет).